Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры өзінің интернет-ресурсында «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) топ-менеджментіне Қор алған активтерден ай сайынғы сыйақы төлеу туралы ақпаратты орналастырды.

Осыған байланысты Қор бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні туралы хабарлайды

Қордың Директорлар кеңесінің 3 тәуелсіз директоры ғана корпоративті басқару шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мөлшерде тоқсан сайын сыйақы алады. Қайта есептегенде айына 250 мың теңгеден аспайды. Директорлар кеңесінің қалған мүшелері ақысыз жұмыс істейді.

Бұл ақпарат құпия емес. 2018 жылға аудиторлық есеп Қордың fms.kz сайтында «Қаржылық есептілік» бөлімінде орналастырылған. Өткен жылдың соңында, жалпы алғанда, тәуелсіз директорлардың қызметтері бойынша шығындар 6 миллион теңгеден сәл асты.

Айта кету керек, 2019 жылы Директорлар кеңесінің мүшелері үшін сыйақы мөлшері өзгеріссіз қалды.

Қордың тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында goszakup.gov.kz және Қордың fms.kz сайтында «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде орналастырылады.

30.12.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу